Accessibility links

Ресей Кривой Рогқа тағы да екі мәрте соққы берген


Кривой Рог қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Викул
Кривой Рог қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Викул

Ресей қарулы күштері 11 қыркүйектің таңында Кривой Рогқа екі рет соққы жасаған. Бұл жөнінде Кривой Рог қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Викул телеграм арнасына жазып, суретке түсірмеу және интернетке салмау жөнінде жергілікті тұрғындарға өтініш айтқан.

Ресей соққысы жайлы алғашқы ақпарат таңғы төрттерде шыққан. Украина әуе қорғанысының басшылығы Украинаға екі зымыран ұшып келе жатқанын хабарлаған. Таңғы сағат сегіз шамасында Криой Рогқа бір топ дрон ұшып келе жатқаны жайлы хабар тараған. Жергілікті БАҚ пен телеграм арналар жарылыс пен әуе қорғанысының жұмысы туралы ақпарат таратқан.

Украина қарулы күштері бас штабының мәліметіне қарағанда, 11 қыркүйектің түнінде Ресей бес зымыран жіберіп, 87 авиа соққы жасаған. Мұнан өзге Украинаға 36 дрон-камикадзе жіберілген. Оның 26-сы жойылған.
Ресей Кривой Рогты 8 қыркүйекте де атқылаған. Полиция ғимаратына түскен зымыраннан бір адам өлген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG