Accessibility links

Банк қызметкерлерін кепілге алған адам 7,5 жылға сотталды


"Қарулы адам банк қызметкерлерін кепілге алды" деп айтылған Kaspi банктің Астанадағы бөлімшесін полиция бақылап тұр. Астана, 18 маусым 2023 жыл.
"Қарулы адам банк қызметкерлерін кепілге алды" деп айтылған Kaspi банктің Астанадағы бөлімшесін полиция бақылап тұр. Астана, 18 маусым 2023 жыл.

18 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Kaspi банк қызметкерлерін кепілге алған күдікті Әлихан Мурадовты кінәлі деп танып, 7 жыл 6 айға бостандығынан айырды. Мурадовқа қылмыстық кодекстің 261-бабы ("кепілдікке алу") бойынша айып тағылған.

Судья Әбинұр Қарабаев оқыған сот үкімі бойынша, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Orda.kz жазуынша, Мурадов кінәсін мойындаған, апелляциялық шағым түсірмейтін болған.

18 маусымда қарулы ер адам Астанадағы Kaspi банк бөлімшесінде 7 адамды кепілге алып, ізінше ұсталған. Штурммен босатылған адамдардың ешқайсысы зардап шекпеген. Кейбіріне психологиялық көмек көрсетілетіні хабарланған.

Осы оқиғадан соң сол кездегі ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистердің "күдікті не талап етті?" деген сұрағына "әр нәрсені айтты, ақша талап етті, туысқандарына жәрдем көрсетуді талап етті, мен өзім кіріп сөйлестім" деген болатын.

Кейбір ақпаратқа қарағанда, банк қызметкерлерін кепілдікке алған адамның кредит проблемасы болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG