Accessibility links

АҚШ бюджет дағдарысына қарамастан Украинаға жаңа көмек пакетін жариялайды


Бюджет дағдарысына қарамастан АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жариялайды. Мәселе 200 млн доллар көлемінде көмек туралы болып отыр, деп жазды жазды Reuters агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, Киевке осыған дейінгі пакеттер аясында жоспарланған оқ-дәрі мен техника жіберіледі. АҚШ бұл шешімін 11 қазанда Брюссельде өтетін Украинаға қару жеткізу бойынша байланыс тобының кездесуінде мәлімдейді. Ақша Украинаға берілген көмек пакетінен артылған 5,4 млрд доллардан бөлінеді.

30 қыркүйекте АҚШ конгресінің өкілдер палатасы 45 күндік уақытша бюджетті мақұлдады. Ол үкіметтің тоқтаусыз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Уақытша бюджетте Украинаға көмек қарастырылмаған.

АҚШ қорғаныс министрлігі егер Конгресс шара қолданбаса, онда Украинаны қаржыландыру алдағы айларда тоқтайды деп ескертті.

XS
SM
MD
LG