Accessibility links

СІМ: Газа секторында қалған жүзден аса қазақстандықты Египетке шығару жұмыстары жүріп жатыр


Тель-Авив әуежайы. 7 қазан 2023 жыл.
Тель-Авив әуежайы. 7 қазан 2023 жыл.

Газа секторында шамамен жүзден аса қазақстандық қалған. Қазір оларды Газадан Египетке өткізу үшін Иорданиядағы және Египеттегі Қазақстан елшілігі жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 16 қазанда айтты.

Министрлік өкілі бұл дерек болжам екенін, Газа секторындағы жағдайға байланысты нақты қанша қазақстандық қалғанын айту қиын екенін де атап өтті.

Смадияров Израильдегі елшілік те осы елде қалған қазақстандықтарды шығаруға тырысып жатқанын айтады.

"16 қазандағы жағдай бойынша, Израильдегі Қазақстан елшілігінен 100 жуық қазақстандық көмек сұрады. 15 қазанда 19 қазақстандық Израильден шығарылды. Олардың ішінде 15-і арнайы бағдарламамен оқуға барған балалар" деді ол.

Смадияров Израиль мен Газа секторында қаза тапқан я жараланған қазақстандықтар жайлы қазірге дейін ешқандай мәлімет түспеді деді.

Сенбі, 14 қазанда кейбір басылымдар Газа секторында бір қазақстандықтың жоғалып кеткені жайлы ақпарат таратқан еді.

Газа секторын бақылауда ұстап отырған ХАМАС радикал тобы (АҚШ, ЕО және Британияда террористік ұйым деп танылған) 7 қазанда Израильге тұтқиылдан шабуыл бастап, Израиль бұл шабуылдан соң "соғыс жағдайындамыз" деп мәлімдеген.

11 қазанда Қазақстан арнайы рейспен 124 қазақстандықты Израильден шығарған.

Израильден 124 қазақстандық эвакуацияланды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:12 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG