Қырғызстаннан Қазақстанға шығаратын "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу пунктінде жүздеген жүк көліктері тұрып қалған.
Қырғызстан шекара қызметінің хабарына қарағанда, 23 қазанда сағат 12-ге дейін бақылау-өткізу пунктіне 410 жүк көлігі жиналған.
Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу пункті арқылы жеңіл көліктері мен Қант цемент зауытының өнімдерін тиеген жүк көліктерін айтпағанда, Қырғызстаннан Қазақстанға 297 жүк көлігі өткен.
"Алайда пункттен өткізу мүмкіндіктеріне арналған қосымша шараларға қарамастан жүк көліктері күрт көбейді", - деген Қырғызстан шекара қызметі мұны "науқан кезіндегі қарбаласқа" жатқызған.
Ведомствоның түсіндіруінше, бұл жайт - Қырғызстан ауыл шаруашылығын өнімдерінің экспорты ұлғаюына байланысты. Ал екі елдің шекара қызметі ешқандай шектеу қоймаған".
Жүк көліктері биыл тамыз айында да Қырғызстан жағында көп шоғырланған еді. Қрғызстан шекара қызметі төрт бақылау-өткізу пунктінде кезек ұлғайғанын күн сайын хабарлап тұрған.
Мәселені Еуразия экономика комиссиясы зерттеген. Осыдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекарадағы жағдайды реттеу жөнінде үкіметке тапсырма берген.
ПІКІРЛЕР