Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы: Газа секторы балалар моласына айналып барады


БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің Газа секторындағы әрекетін тағы сынап, оқ атуды тез арада доғаруды, бейбіт халыққа гуманитарлық көмек беруді талап етті.

Оның айтуынша, Израиль соғыс жүргізудің халықаралық заңдарын ашық түрде бұзып отыр. Гутерриш Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысында бейбіт азаматтарды қорғау «басты мақсат» болуы тиіс деп есептейді.

«Израиль бейбіт тұрғындарды бомбалап, оларды өлтіріп, ауруханаларды, босқындар лагерьлерін, мешіттер мен шіркеулерді, азаматтық инфрақұрылымдарды, паналарды қиратып жатыр. Газа балалар моласына айналып барады» деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы.

Израиль сыртқы істер министрі Эли Коэн БҰҰ басшысы айтқан сынға бірден жауап берді. «Ұялмайсың ба, Антониу Гутерриш! Ата-анасын айуандықпен өлтіргенін көрген 30-дан астам бала, олардың арасында тоғыз айлық нәресте және басқа да бүлдіршін бар, Газа секторында тұтқында отыр» деп жазды Коэн X желісіндегі парақшасына.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да Газа секторында оқ атуды тез арада доғаруды талап етіп отыр.

БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі агенттігінің (UNRWA) мәліметінше, кейінгі екі күнде UNRWA бес қызметкері қаза болған. 7 қазаннан бері ұйымның 79 қызметкері опат болған, кемінде 24 қызметкер зардап шеккен.

ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің кейінгі мәліметінше, сектор аумағында 10 мыңнан астам адам қаза болған, олардың арасында 4800 мың бала бар. Мәліметті тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін болмай отыр.

Израиль жағынан 1400-ден асдам адам қаза болған. 241 Израиль азаматы содырлар қолында тұтқында отыр.

XS
SM
MD
LG