Accessibility links

БАҚ: Экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды. Ол әйелін сабап өлтірді деген күдікке ілінген


Қазақстанның бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Қазақстанның бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

9 қараша кешкісін жергілікті басылымдар мен телеграм каналдар дереккөздеріне сілтеме жасап, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлады. Ол әйелін өлімші етіп сабады деген күдікке ілінген. Әйелі ауыр соққыдан көз жұмған.

"Жедел жәрдем келгенде отыздар шамасындағы әйел көз жұмған. Дәрігерлердің сөзінше, оны Астанадағы "Бау" мейрамханасында күйеуі соққыға шыққан. Сол жерде 1980 жылы 11 сәуірде туған Қуандық Бишімбаев Уалиханұлы ұсталды. Ол 1992 жылы 15 мамырда туған Салтанат Нүкенова Амангелдіқызын пышақтаған. Әйел адам пышақтан көз жұмған" деп жазды Ulysmedia полицияға сілтеме жасап.

Жергілікті басқа басылымдар Бишімбаевқа өз әйелінің өліміне себепкер болды деп күдікке ілінгенін жазып жатыр.

ІІМ Tengrinews сайтына Астанадағы мейрамхананың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, бір әйел жарақаттан көз жұмғанын айтқан. Күдікті ұсталған, бірақ министрлік оның кім екенін айтпаған.

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2018 жылы наурызда жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталған. Тергеу оны "Байтерек" ұлттық холдингін басқарып тұрғанда Қызылордадағы әйнек зауытына бөлінген қаржыдан бір миллиард теңге жымқырған деп айыптаған. 2018 жылы қазанда ол шартты жазамен босап шыққан.

Кейінгі уақытта Бишімбаев үкіметтің елдегі экономикалық шешімдеріне пікір білдіріп бірді-екілі басылым беттерінен көрінген еді.

Ол жемқорлық айыбына ілінбей тұрып, яғни, 2017 жылға дейін мемлекеттік аппаратта лауазымды қызметтер атқарды. Елдің сол уақыттағы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі де болған. "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқыған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG