Accessibility links

Путин әскери қызметкерлер санын көбейту туралы жарлыққа қол қойды


Ресей армиясында штаттағы әскери қызметкерлердің саны 170 мыңға көбейеді. Ресей президенті Владимир Путин тиісті жарлыққа қол қойды. Құжат Кремль сайтында жарияланды және қол қойған күннен бастап күшіне енеді, деп жазды ТАСС агенттігі.

Жарлыққа сәйкес, қарулы күштердегі штаттық қызметкерлер саны 2 209 130 адам болуға тиіс, 1 млн 320 мыңы – әскери қызметкер. Алдыңғы жарлықта аталған көрсеткіштер сәйкесінше 2 039 758 (1 150 628 – әскери қызметкер) қызметкер болған еді. Күші жойылған алдыңғы жарлық 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген еді.

"Қарулы күштердегі қызметкерлер санын арттыру арнайы әскери операция (Мәскеу Украинаға басып кіруін солай атайды) және НАТО-ның кеңеюімен ұштасқан қауіп-қатердің артуымен байланысты" деп жазылған Ресей қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Дегенмен ведомство елде жаңа мобилизация болмайды деп сендіруге тырысты.

"Әскери қызметті келісімшарт бойынша өтегісі келетін азаматтар есебінен [әскер] саны ... көбейтіліп жатыр" деді ведомство.

  • Ресейде "жартылай" мобилизация 2022 жылы күзде – Украинаға басқыншылық кезінде әскер тапшы бола бастаған шақта жарияланған. Әскерге шамамен 300 мың адам алынады деп айтылды.
  • Мобилизация аясында әскерге әкетілген адамдардың жақындары киім-кешек, азық-түлік тапшылығына шағымданып, соғысқа әкетілгендердің даярлықтан өтпегенін айтқан. Журналист-зерттеушілердің мәліметінше, олар соғыста көп шығынға ұшырап жатыр. Бұған дейін бірқатар БАҚ Ресей билігі екінші рет мобилизация жасайды болжаған. Ресми түрде бұл жоққа шығарылды. Билік бірінші мобилизацияның болатынын да жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG