Accessibility links

Байден: Украинаға көмек бермеу Путинге ең керемет сыйлық болады


Украина және АҚШ президенттері Владимир Зеленский және Джо Байден Ақ үйде. 12 желтоқсан 2023 жыл.
Украина және АҚШ президенттері Владимир Зеленский және Джо Байден Ақ үйде. 12 желтоқсан 2023 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден және Украина басшысы Владимир Зеленский Ақ үйдегі келіссөзден кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Зеленский кіріспе сөзінде Украина ЕО-ға қосылу үшін ұсыныстардың барлығын орындады деді.

Байден Украинаның Ресей басқыншылығына тойтарыс беруіне кемінде 50 шақты мемлекет мүдделі екенін атап өтті. АҚШ президенті Украинаның Қара теңіздегі Ресей флотының қуатын азайтудағы жетістігін атап өтті.

АҚШ және Украина президенттері кездеспей тұрып Зеленский конгресс алдында сөз сөйледі. Халықаралық және Ресей ақпарат құралдарының жазуынша, келіссөз басталмай тұрып Америка президенті өз өкілетін пайдалана отырып, Украинаға әскери көмек ретінде 200 млн доллар қаражат бөлгенін айтқан. Бұл әскери көмекті конгресс мақұлдауы қажет емес.

CNN Украинаға көмек беру мәселесін талқылау Вашингтонға оңай түсіп жатқан жоқ деп жазды.

Президент Байден Зеленскийге конгресс Киевке қосымша әскери көмек беруді мақұлдамаса, бұл Ресей президенті Владимир Путинге жасалған "ең керемет Рождество сыйлығы болмақ" деді. "Біз Украинаны жақтап қала береміз" деді Байден.

АҚШ президенті конгресс Украинаға қосымша қаржы бөлу туралы заң жобасын мақұлдауға тиіс деді. Зеленский украин әскерінің "баяу жылжып жатқаны" жөнінде сындарға қарамастан Украина жауынгерлері "өзінің жеңуге қабілетті екенін күн сайын дәлелдеп жатыр" деді.

Өткен аптада сенаттағы республикашылдар Байденнің Украина мен Израильге 106 млрл доллар көлемінде әскери көмек беруді қарастыратын заң жобасын өткізбей тастаған.

Желтоқсан басында Ақ үй конгресске 2023 жылдан кейін АҚШ үкіметінде Киевке әскери көмек беруге қаржысы қалмайды деп мәлімдеген.

Консерваторлар егер Ақ үй ауқымды түрде көші-қон реформасысын жүргізуге келіспесе, әскери көмек туралы заң жобасын қабылдаудан да бас тартатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG