Accessibility links

Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды


Думан Мұхаммедкәрім
Думан Мұхаммедкәрім

15 желтоқсанда Қонаев қаласының тергеу соты журналист Думан Мұхаммедкәрімнің қамау мерзімін тағы бір айға созды. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

"Мен қорғап отырған азаматтың қамау мерзімін жетінші айға созды. Тергеу аяқталмады. Сот қаулысын күтіп отырмыз. Бүгін кешке дейін жібереміз деген. Шешімге шағым түсіреміз" деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Журналистің қамау мерзімі соңғы рет қараша ортасында бір айға ұзартылған еді.

Билікті сынаған журналист Думан Мұхаммедкәрім “тыйым салынған ұйым ісіне араласу” және “экстремизмді қаржыландыру” баптары бойынша күдікке ілінген. Оған мұндай айыптың тағылуына қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты түрткі болған.

Журналист маусымнан бері тергеу абақтысында отыр.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті "саяси тұтқындар" тізіміне енгізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG