Accessibility links

Сот Навальный табылғанша оның шағымын қарауды тоқтатты. Оппозиционерден 13 күннен бері хабар жоқ


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный сотта отыр.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный сотта отыр.

Ресейдің Владимир қаласындағы сот оппозиционер Алексей Навальныйдың өзі отырған колонияға қарсы түсірген шағымын "Навальныйдың қайда екені анықталғанша" тоқтатты. Бұл туралы саясаткердің жақтастары желіде хабарлады.

Ресей соты 19 жылға соттаған Навальныйден 13 күннен бері хабар жоқ. Өткен аптадағы сотта оны Владимир облысындағы колониядан алып кеткені ғана айтылған. Навальныйдың жақтастары оның қауіпсіздігіне алаңдап, желіде "Навальный қайда?" деген науқан бастаған.

Навальныйдың хабарсыз кетуі Ресейде сайлау науқанының ресми басталған уақытымен тұспа-тұс келді. Президент сайлауы жарияланған 7 желтоқсанда желіде Навальныйдың тобы халықты Путиннен басқа кез келген кандидатқа дауыс беруге шақырған.

Кремль сыншысы "алаяқтық" айыбымен Владимир облысындағы алтыншы колонияда жазасын өтеп жатқан. Ал биыл жазда Мәскеу қаласының соты оны "экстремистік" баппен 19 жылға қатаң түрмеге кескен. Навальный мен оның жақтастары бұл істердің "саяси астары бар" деп санайды және үкімдермен келіспейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG