Accessibility links

Агенттік Қайрат Сатыбалды шетелге шығарған 120 млн доллар елге қайтарылғанын хабарлады


Қайрат Сатыбалды
Қайрат Сатыбалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды шетелге шығарған 120 млн доллар қаражатты елге қайтарғанын хабарлады.

"Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді" деп жазылған агенттік хабарламасында.

Ведомство хабарламада қаражатты қайдан және қалай қайтарғанын нақтыламаған. Агенттік кейінгі жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам активтерін қайтарғанын атап өткен. Ол жөнінде де толық айтпаған.

Бір күн бұрын Өскемен соты экc-президент Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан. Бұған Сатыбалдының колониядағы іс-әрекеті мен мінез-құлқы себеп болған деп айтылады.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылы наурызда қамауға алынған. Оған "Алдау немесе сенімге кіру арқылы мүліктік зиян келтіру" және "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ұрлау" баптары бойынша айып тағылды. Оған тағылған айып "Қазақтелеком" және "Көлік сервис орталығы" компанияларымен байланысты. Ол аталған компаниялардың ірі көлемдегі қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген.

2022 жылы қыркүйекте сот оны алты жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіпсіздігі орташа колонияға жіберілген.

Қазір түрмеде отырған Қайрат Сатыбалдыға қатысты салықтан жалтару және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру сияқты өзге эпизодтар бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Назарбаевтың немере інісі Forbes Kazakhstan тізімі бойынша елдегі ең ықпалды кәсіпкерлер қатарына кіреді.

Сатыбалды қайтарған сарайлар мен бизнес-орталықтар. Антикор есебін талдау
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:17 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG