Алматыда автобус аялдамадағы адамдарға келіп соғылып, үш адам қаза тапты. Оқиғадан тағы төрт адам жараланып, ауруханаға түскен. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады.
Полицияның ақпаратынша, оқиға 47-автобуста кешкі сағат 18:15-те болған. Жолаушылардың бірі әйел жүргізушіні ұрып, шопыр есінен танып қалған. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.
Жолаушы автобус жүргізушісінің жолақысын төлеу туралы талабынан соң жанжал шығарған.
Шопырды ұрған ұрған ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның үстінен "Бұзақылық" және "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" баптары бойынша қылмыстық іс тіркелгені хабарланды. Ал есінен танып қалған 36 жастағы әйел жүргізуші ауруханаға түскені айтылды.
ПІКІРЛЕР