Accessibility links

Алматыда сот 16 желтоқсанда пикетке шыққан Oyan, Qazaqstan-ның екі белсендісін 15 күнге қамады


Oyan, Qazaqstan белсенділері Бота Шарипжан (сол жақта) және Әсем Жапишева 16 желтоқсандағы акцияда тұр. Алматы.
Oyan, Qazaqstan белсенділері Бота Шарипжан (сол жақта) және Әсем Жапишева 16 желтоқсандағы акцияда тұр. Алматы.

25 желтоқсанда Алматыдағы әкімшілік сот Oyan, Qazaqstan! белсенділері Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаровты 15 күнге қамады.

Сот белсенділерді "Бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды" деп айыптады. Әкімшілік хаттамаға белсенділердің 16 желтоқсанда Республика алаңына бейбіт акцияға шыққаны себеп болды.

Шәріпжан мен Мұхтаров ұсталған соң Oyan, Qazaqstan! мен "Құштар" қозғалысының белсенділері полицияға келіп, екеуін босатуды талап етті. Белсенділер полицияға ақ плакат ұстай келген.

"Репрессия күшейіп келе жатыр, бізді ақ плакаттағы кез келген жазу үшін ұстауы мүмкін" деді олар.

Ал Oyan, Qazaqstan қозғалысының мүшесі Бауыржан Әділхан Азаттыққа "Бүгінгі сотта еш әділдік жоқ. Белсенділер ешқандай заң бұзған жоқ. Мұның саяси астары бар. Билік өзіне ұнамады, мұны белсенділердің аузын жабу деп қабылдаймын" деді.

Белсенділерді қолдауға келген жастарға әкімдік өкілі "жиындарының заңсыз екенін айтып", ескерту жасап кетті.

25 желтоқсанда Бота Шәріпжан, Жанель Шахан, Равкат Мұхтаровқа Бостандық ауданының полиция басқармасына келуге тиістігі жөнінде шақыру қағазы тапсырылған.

"Құжатта әкімшілік құқық бұзушылық туралы айтылған. Біздің ойымызша, белсенділерді 16 желтоқсанда акцияға шыққаны үшін жауапқа тартқысы келетін сияқты" деп жазған еді қозғалыс телеграмда.

Кейін адвокат Ғалым Нұрпейісов полиция Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтарованың үстінен әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты. Ал Жанель Шахан ауырып қалғандықтан полицияға бармаған.

Oyan, Qazaqstan! қозғалысының белсенділері Алматыдағы Республика алаңына барып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына тағзым етіп, "Ұмытпаймыз, кешірмейміз" деген плакат ұстап шыққан.

16 желтоқсандағы акцияға қатысқан Oyan, Qazaqstan! белсендісі Әсем Жәпішева да өзіне полициядан шақырту келген болар деп топшылайды. Бірақ Жәпішева іссапармен шетелде жүргенін жазды.

Қазақстанда жұрт бейбіт митингіге шығу үшін әкімдіктен рұқсат алуы тиіс. Билік рұқсат етпеген митингіге қатысқандар жазаланады.

Тәуелсіздік күнгі наразылық. Қанды оқиғаларға жұрт билікті айыптады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:33 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG