Accessibility links

Қостанай облысында зейнеткер немересімен бірге боранда үсіп өлген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қостанай облысында боранда із-түзсіз жоғалған зейнеткер әйел мен 11 жастағы немересінің денесі табылды. Бұл жөнінде Қостанай облыстық төтенше жағдай департаментіне сүйенген "Наша газета" басылымы жазды.

Ақпаратқа қарағанда, зейнеткер әйел немересімен 26 желтоқсанда таңертең Степнойдан (Қостанай ауданы, Айсары ауылдық округі) шығып, Айсары ауылына бармақ болған. Олар жолшыбай Қостанайдан азық-түлік алғысы келген. Сол күні аймақта қатты боран соғып, жүзден астам елді мекен жарықсыз қалған. 27 желтоқсанда облыстық ТЖД олардың мәйіті өздері тұрған ауыл маңынан табылғанын хабарлады. Полиция дерегінше, марқұмдар боранда үсіп өлген. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG