Accessibility links

Алматы полициясы пикетке шыққан Oyan, Qazaqstan қозғалысының төрт белсендісін қамауға алды


Oyan, Qazaqstan белсенділері Ақмарал Жәкібаева мен Айсұлтан Құдайберген өз серіктерін қолдауға арналған пикетке шығып тұр. 3 қаңтар 2023 жыл. Фото: masa.media
Oyan, Qazaqstan белсенділері Ақмарал Жәкібаева мен Айсұлтан Құдайберген өз серіктерін қолдауға арналған пикетке шығып тұр. 3 қаңтар 2023 жыл. Фото: masa.media

Алматы полициясы пикетке шыққан Oyan, Qazaqstan белсенділерін 3 қаңтарда түстен кейін қамауға алды. Белсенділер Республика алаңындағы тәуелсіздік монументі жанында пикет өткізген.

Белсенді Айсұлтан Құдайберген мен Ақмарал Жәкібаеваны Алматының Бостандық ауданындағы полиция басқармасына әкеткен. Мұны Masa.media жазды.

Олар өз серіктері Бота Шәріпжан, Равкат Мұхтаров және Жанель Шаханды қамаудан шығаруды талап еткен.

Пикет өткен жерге полиция келіп, белсенділер туралы мәлімет жазып алған. Полициядан бұрын Алматы әкімдігінің өкілі "заңсыз" акцияны тоқтатуды сұраған.

Айсұлтан Құдайберген мен Ақмарал Жәкібаева ұсталған соң Oyan, Qazaqstan белсендісінің бірі Темірлан Еңсебек Алматыдағы жалғыз адам пикетіне шыққан. Ол Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаровтың қамалғанына, Жанель Шаханның тергеуге шақырылғанына және Айсұлтан Құдайберген мен Ақмарал Жәкібаеваның ұсталғанына қарсылығын білдірген. Ізінше оны да полиция басқармасына әкеткен.

25 желтоқсанда Oyan, Qazaqstan белсенділерінің үшеуін полицияға шақырған. "Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп екеуін 15 тәулікке қамаған. Онлайн-сот кезінде екі белсенді де тағылған айыпты мойындамаған. Бұл қозғалыстың тағы бір белсендісі Жанель Шаханды 3 қаңтарда полицияға шақырып, 15 тәулікке қамаған.

16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументі жанына Oyan, Qazaqstan белсенділері шығып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына құрмет акциясын өткізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG