Accessibility links

Қазақстан украиналық миллионерге іздеу жариялады


Іздеу жарияланған адамдар. Көрнекі сурет.
Іздеу жарияланған адамдар. Көрнекі сурет.

Қазақстан қаржы мониторинг агенттігі 26 жастағы украиналық кәсіпкер Вадим Машуровқа іздеу жариялады. Құқықтық статистика порталында Вадим Машуровқа іздеу 2023 жылдың 28 желтоқсанында жарияланғаны жазылған. Онда Машуровтың 1997 жылғы екені, шетел азаматы, украин екені көрсетілген. Іздеуші орган - қаржы мониторинг агенттігі деп көрсетілген. Іздеу ісі Алматыда тіркелген.

Онда Машуровқа іздеу жариялау себебі жазылмаған.

Кей ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстан билігі украин азаматы елдегі Sincere Systems ЖШС қаржы пирамидасына қатысы бар деп санайды. 2023 жылы тамызда оның жетекшісі алты жылға шартты түрде сотталған. Ақпаратқа қарағанда, Sincere Systems "шаш етектен пайда табасыңдар" деп азаматтардан 215 млн теңге қаражат жинаған деп айтылады.

Былтыр кей ақпарат құралдары Машуровты "Украинаның ең жас миллионері" деп атаған.

Ресей орталық банкі 2021 жылы Sincere Systems және S-Group жобаларынан қаржы пирамидасының белгілерін анықтаған. Ақпаратқа қарағанда, Вадим Машуров өз елінде де іздеуде жүр деп айтылады: Украинада ол "бопсалау", "көлікті айдап кету", "адам ұрлау" баптары бойынша күдікке ілінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG