Accessibility links

Қарақалпақ диаспорасының жетекшісі Ниетбай Оразбаев Алматы ауруханасында қайтыс болды


Маңғыстау облысындағы "Аллаяр жолы - Ақтау" қарақалпақ этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ниетбай Уразбаев
Маңғыстау облысындағы "Аллаяр жолы - Ақтау" қарақалпақ этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ниетбай Уразбаев

Маңғыстау облысындағы қарақалпақ диаспорасының жетекшісі Ниетбай Оразбаев 9 қаңтарда Алматы ауруханасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Х әлеуметттік желісіндегі парақшасында қарақалпақ диаспорасының өкілі Ақылбек Мұратбай жариялады.

Оның сөзінше, Оразбаев "Өзбекстанның арнаулы қызметі Ақтаудағы үйінен ұрлап кетуі мүмкін" деп қауіптеніп, кейінгі кезде Алматыдағы қызының үйінде тұрған.

"Ол қатты күйзелді. Ауруханаға барудан сескенді. Жұма күні жағдайы күрт нашарлап, Жедел жәрдем шақырды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Таңертең хабарласқанымда жағдайым дұрыс деген. Ол кезде кардиологиия бөлімінде жатыр еді" деді Азаттыққа Ақылбек Мұратбай.

Өзбекстан соты 2022 жылы жаздағы Нөкіс оқиғасынанан соң Оразбаевты 12 жылға сырттай соттаған. Ақылбек Мұратбайдың сөзінше, кейінгі бір жарым жылда Ташкент Оразбаевты Өзбекстанға экстрадициялауды бірнеше рет сұраған.

"Өзбекстанның конституциялық құрылымын күшпен бұзбақ болды" деген айыппен Ниетбай Оразбаевқа іздеу жарияланғаны 2022 жылы қазанда мәлім болған. Оразбаев өзіне қарата айтылған айыптарды теріске шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG