Пентагон мен НАТО Ресейдің Солтүстік Кореядан зымыран алдыру мүмкіндігіне алаңдайды. Ресейде Солтүстік Корея зымырандары пайда болса, Украинаның әскери әуе қорғаныс жүйесіне қиындық тууы мүмкін. Бұл жөнінде Пентагон мен НАТО-дағы мәлімет көздеріне сүйеніп, New York Times (NYT) жазды.
NYT сөйлескен адамның айтуына қарағанда, Батыстың әскери сарапшылары Солтүстік Корея зымырандары Ресей әскерінің Украина әуе қорғанысынын бұзуына көмектесуі мүмкін. Украина әуе қорғанысы жүйесінің елеулі бөлігі - Батыс өндірісінен шыққан.
Батыстың бағасына қарағанда, Ресей Солтүстік Кореядан 50-ден аспайтын баллистикалық зымыран алған. Егер мұнан да көбейсе, Украина онсыз да тапшы болып отырған оқ-дәрісін одан сайын шығындайтын болады.
Өткен аптада АҚШ-тың Еуропадағы күштерінің қолбасшысы, генерал Кристофер Гаволи Украина қолында әскери әуе қорғанысы жүйесінің қыстағы жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті оқ-дәрі бар деген болатын. Бірақ Солтүстік Кореядан Ресей көбірек зымыран алып, АҚШ Украинаға әскери көмегін кешеуілдете беретін болса, тепе-теңдік өзгеруі мүмкін.
ПІКІРЛЕР