Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Сириядағы ұрыс қимылдарына қатысты" деген күдікпен Стамбұлдан Қазақстан азаматы депортацияланғанын хабарлады.
"27 қаңтарда Стамбұлдан Алматыға Қазақстанның 22 жастағы азаматы депортацияланды. Түркістанда туған күдікті 2020 жылы Сирияға кетіп, сондағы қарулы топтардың біріне қосылған" дейді ҰҚК баспасөз қызметі.
2023 жылы қыркүйекте ҰҚК Шымкентте осыған ұқсас айыппен ер адам жеті жылға сотталғанын хабарлаған. Тергеу мәліметіне қарағанда, "сотталған азамат радикал топтардың үгіт-насихатын тыңдап, Сириядағы сенімі бір адамдармен байланыс орнатқан және жалған аты-жөнмен экстремизмді насихаттаған". Шымкенттің сотталған 19 жастағы азаматы тағылған айыпты мойындамаған.
ПІКІРЛЕР