Accessibility links

Зеленский: Тоқаевпен телефонмен сөйлесіп, сауда және саяси диалогты жандардыруды талқыладық


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Зеленский телеграм-каналында хабарлады.

Зеленский "бірінші кезекте Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс айтқан".

"Әріптесімді Украинаның бейбітшілік формуласын жүзеге асыру бойынша қауіпсіздік кеңісшілердің жұмысының нәтижесі жайлы және Әлемдік бейбітшілік саммитін өткізуге дайындық туралы ақпарат бердім. Тоқаевқа бүгін Киевте еркінен тыс елден шығарылған украиналық балаларды қайтару бойынша Халықаралық коалицияның жиыны өтіп жатқанын хабарладым. Соңында екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасы мен саяси диалогты жандандыруды талқыладық" деп жазды Зеленский.

Ал Астана телефонмен сөйлесу Украина тарапының бастамасымен болғанын хабарлады. Ақорда екі президент Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланысты дамыту мәселелерін талқылады дейді.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Зеленский Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Тоқаевқа алғыс айтқанын хабарлады.

Бұған дейін қазақстандық Orda.kz сайты Қазақстан мен Украина арсындағы дипломатиялық қарым-қатынас тоқтап қалғанын, Қазақстанда әлі күнге дейін Украина елшісі жоғын айтқан. Бұған қоса, Orda.kz Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев қызметінен ресми түрде алынбаса да, Астанада екенін жазған.

2022 жылы қазанда Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босатты. Содан бері Украинаның Қазақстандағы елшісі тағайындалмаған.

2022 жылы 21 тамызда Врублевский қазақстандық блогерге сұқбат беріп, "Көбірек өлтіруге әрекет жасаймыз. Қазір орыстарды қаншалық көп өлтірсек, балаларымыз да кейін соншалық азырақ өледі" деген еді. Осыдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі Врублевскийге наразылық білдірген.

Украина жоғарғы радасының депутаты Сергей Нагорняк Orda.kz сайтына берген сұхбатында Киев пен Астананың дипломатиялық қарым-қатынасын нығайту үшін Тоқаев пен Зеленскийдің кездесуі қажет екенін айтқан.

  • Зеленский мен Тоқаевтың соғыс басталғалы бірнеше рет телефон арқылы сөйлескен. Ең соңғы рет 2023 жылы 16 ақпанда сөйлескені хабарланған. Осыған дейінгі байланыс кезінде Тоқаев соғысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырған еді.
  • Қазақстан Ресейдің Украинаға басып кіргенін ашық айыптамады да, қолдамады да. Бірақ билік Ресейдің басқыншылығын айыптайтын бейбіт митингіге бір рет рұқсат берді. Бұған қоса, Қазақстан азаматтары Украинаға бірнеше рет гуманитарлық көмек жіберді. Ал Тоқаев Санкт-Петербургтегі экономикалық форумда Ресей президенті Путиннің көзінше Қазақстан Украинаның шығысындағы "ДХР" және "ЛХР" жікшіл аймақтарының "тәуелсіздігін мойындамайтынын" ашық айтты.
  • Зеленский Тоқаевпен бұған дейін телефон арқылы сөйлескен кезде "ДХР" мен "ЛХР" сепаратистік аймақтарын мойындамағаны үшін оған алғыс айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG