Accessibility links

Шахтаға құлаған автобус адамдарын әрі қарай іздестіру мәселесін комиссия қарайды


Автобус құлаған жер. Қазақстан ТЖҚ фотосы
Автобус құлаған жер. Қазақстан ТЖҚ фотосы

Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" кеніші аумағында адамдарымен қоса опырылып құлаған автобусты әрі қарай іздестіру керек пе, жоқ па деген мәселені арнаулы комиссия қарайды. Бұл жөнінде Павлодар облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі хабарлаған.

3 ақпанда Қазақстан төтенше жағдайлар қызметі "Майқайың" кеніші аумағында опырылған жерде тағы да сызат пайда болғанын, тағы да құлауы мүмкін екенін, соған байланысты іздестіру тоқтауы мүмкін екенін хабарлаған. Бұл хабарға қарағанда, құтқару жұмыстары жексенбі күні де жалғасқан.

Үш құтқарушы және жүргізушісі бар автобус биыл 4 қаңтарда тереңдігі 200 метр, ені 500 метр бұрынғы шахта орнына жермен бірге опырылып түскен. 24 жастағы Бердіхан Сарқыт пен 52 жастағы Олег Тышковичтің денесі сол күні автобустан бөлек табылған. 36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерден мен 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі сол күйі табылмаған.

"Майқайыңалтынның" 100 пайыз акциясы Кипрде тіркелген Rence Enterprises компаниясына тиесілі. Оның иесі Сербия азаматы Милан Попович. Компанияның екі кеніші мен кен байыту фабрикасы және әртүрлі бөлімдері бар. Майқайыңда алтын өндірісі 20 ғасырдың 30-жылдары басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG