Accessibility links

Израиль құрылысқа өзбек мигранттарын тартуды көздейді


Израиль үкіметі Өзбекстан, Үндістан және Шри-Ланка азаматтарын құрылысқа шақыруды жоспарлап жатыр. Бұл жөнінде елдің құрылыс министрлігі мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, құрылысқа 65 мың еңбек мигрантын тартуды көздейді.

Осыған дейін Израильдің құрылыс алаңында 72 мың палестиналық жұмыс істеп келген. Бірақ былтыр қазан айында басталған Израиль-ХАМАС ( ХАМАС ұйымы ЕО, АҚШ-та террористік ұйым танылған) қақтығысынан кейін олардың дені жұмыстан шығарылып, Израильден қуылған. Бұл жөнінде Reuters агенттігі жазған.

Gazeta.uz басылымының жазуынша, қазір Израильде құрылыс саласында 20 мыңға жуық шетел азаматы қалған. Жұмыс күші жетпей жатқандықтан құрылыс нысандарының көбі тоқтап тұр.

HR компаниясының өкілі The Times of Israel басылымына берген сұхбатында палестиналық жұмысшыларға заңда көрсетілген ең аз жалақы мөлшері (сағатына 8,64 доллар) төленетінін айтқан. Ең кәсіби және тәжірибесі мол мамандарға сағатына 13 доллар төленеді.

Өзбекстан мен Израиль арасында 2022 жылдан бері еңбек мигранттары туралы келісім бар. Бұл келісім аясында өзбек азаматтарына Израильде жұмыс істеуге 8 мың квота беріліп келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG