Өзбекстанда даулы мәлімдемелерімен танылған діни блогер Аброр Абдуазимов (Аброр Мухтор Али) төрт әріптесімен бірге 15 тәулікке қамауға алынды. Тиісті шешім Ташкенттің Шайхантахур аудандық сотында 6 ақпанда шыққан.
Блогер және оның әріптестері "ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау" және "ішкі істер органдары қызметкерлерінің өз ісіне атқаруына қарсылық көрсету" баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Абдуазимов достарымен 6 ақпанда әкімшілік ғимаратта шу шығарған. Блогер кінәсін мойнына алып, ісіне өкініш білдірген.
Абдуазимов 2023 жылдың ақпан айында тағы бір блогер Никита Макаренконың "беделіне нұқсан келтірген жалған ақпаратты таратқаны үшін" жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелген.
Абудазимовтың YouTube каналына 700 мыңнан астам адам тіркелген.
ПІКІРЛЕР