Accessibility links

Қазақстан пен Катар Қашағанда газ өңдеу зауытын салуға келісті


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Танидің кездесуі. 14 ақпан 2024 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Танидің кездесуі. 14 ақпан 2024 жыл.

Дохада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани кездесті. Кездесуде Тоқаев "Катар – Қазақстанның ислам әлеміндегі сенімді әрі маңызды әріптесі" екенін мәлімдеген. Қазақстан президенті "екі елдің қарым-қатынасына тың серпін беретін кез келгенін" айтып, "Катар болашақта Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың ондығына кіреді деп есептейтінін" жеткізген. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан президенті кеше, 13 ақпанда Катарға мемлекеттік сапармен барған еді.

"Қазақстан мен Қатар байланыстарын толық стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруді ұсынамын. Сапар кезінде өте маңызды құжаттарға қол қойылады. Бұл келісімдер біздің ынтымақтастығымызды стратегиялық деңгейге көтереді. Біз үшін Қатар өте ерекше ел, сіздермен байланыстарымызды жоғары бағалаймыз. Сондықтан бұл қатынастарымызды одан әрі дамыту үшін күш-жігерімізді саламыз" деген Тоқаев.

Келіссөзден соң Катар әмірінің сарайында бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында қазақстандық QazaqGaz бен катарлық UCC Holding компаниясы Қашағанда газ өңдеу зауытын салу бойынша келісім бар.

Бұған қоса, Қазақстан мен Катар арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, жемқорлықпен күрес қызметтері арасындағы серіктестік және қазақстандықтардың Катарда жұмыс істеуін реттеу бойынша үкіметаралық келісімге де қол қойылған.

Сондай-ақ "Қазақтелекомға" тиесілі "Мобайл телеком-сервис" (Tele2/Altel брендтері) компаниясын Катардың Power International Holding компаниясы сатып алуды қарастырып жатқаны айтылды. "Самұрық қазына" қоры "Қазақтелеком" мен Power International Holding бірге жұмыс істеу бойынша келісімге қол қойғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG