Accessibility links

АҚШ пен Ұлыбритания Мәскеуде теракт болуы мүмкін деп ескертті


АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі
АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі

7 наурыз кешкісін АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі алдағы екі күнде Мәскеуде теракт болуы мүмкін екенін ескертті.

"Мәскеуде адам көп жиналатын жерде экстремистердің шабуыл жасау жоспары туралы хабарламаны бақылап отырмыз. Бұл шабуыл концерттерде де болуы да мүмкін. Алдағы 48 сағат ішінде АҚШ азаматтарын адам көп жиналатын жерлерге бармауға шақырамыз" деп жазылған АҚШ елшілігінің сайтында.

АҚШ мемлекеттік департаменті де Ресейге бару қаупін максималды төртінші шкалаға дейін көтерген. АҚШ-тың ескертуін Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі де ресми сайтында жариялады.

Ресей билігі бұл ақпаратқа қатысты ештеңе демеді. Бүгін, 8 наурызда Мәскеуде Халықаралық әйелдер күніне орай бірнеше ірі шара жоспарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG