Accessibility links

Нигерияда 300-дей оқушыны ұрлаған қарулы топ 620 мың доллар талап еткен


Нигерияда оқушылар ұрланған Курига елдімекен. 8 наурыз 2024 жыл.
Нигерияда оқушылар ұрланған Курига елдімекен. 8 наурыз 2024 жыл.

Нигерияда 7 наурызда мектептен 280-ден аса баланы ұрлап кеткен қарулы топ балаларды босату үшін бір миллион найра (Нигерия валютасы) талап етті. Бұл шамамен 620 432 долларға тең.

Баласы ұрланған отбасылардың өкілі Reuters агенттігіне қарулы топтағылар телефон шалғанын айтқан. Оның сөзінше, қоңырау шалған адам 20 күннің ішінде ақшаны алмаса, ұрланған балаларды өлтіретінін жеткізген.

Нигерия полициясы қазір қарулы топ пен ұрланған балалар қайда екенін анықтауға тырысып жатыр.

7 наурызда қаруланған елудей адам Нигерияның солтүстігіндегі Курига елдімекеніндегі мектепке шабуылдап, 7-15 жас арасындағы 300-ден аса баланы ұрлап әкеткен. Кейбір баланы кейін босатқан, бірақ қазір олардың қолында кемі 286 бала бар.

  • Нигерияда балалар мен әйелдерді ұрлау жиі болып тұрады. 2014 жылы "Боко Харам" террорлық тобы Чидок қалашығынан 270-ден аса оқушы қызды ұрлап әкеткен. 98 қыз әлі террорлық топтық қолында. "Боко Харам" бұл қыздарды күштеп күйеуге беріп, кейбірі үйіне балалы болып оралған.
  • Ал Курига елдімекеніндегі ұрлықты қандай да бір топ мойнына алған жоқ. Associated Press пен Reuters агенттігі Нигерияда қазір идеологиялық ұстанымы жоқ қылмыстық топтар да адам ұрлап, ақша талап ете бастағанын жазады. Мұндай қылмыстық жергілікті фермерлермен жиі жанжалдасатын малшылар да болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG