Accessibility links

Ресейліктердің Астанада дауыс беруі: шенеунік сайлау учаскесі маңында түсіруге тыйым салуға тырысты


Астанада дауыс беріп жатқан ресейліктер. 17 наурыз 2024 жыл.
Астанада дауыс беріп жатқан ресейліктер. 17 наурыз 2024 жыл.

Астанада "Орыс үйіндегі" сайлау учаскесі маңында кезекте тұрған адамдардан сауалнама жинап жүрген Азаттық тілшісін полиция мен шенеунік тоқтатты. Сарыарқа аудандық әкімдігінің қызметкері Дамир Хисматуллин камераны өшіруді талап етті. Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттан ол “көшеде түсіруге рұқсат” пен аккредитация талап етті.

Бүгін Ресейдегі сайлауға байланысты Алматы, Астана, Орал, Өскемендегі Ресей өкілдіктерін полиция мен шенеуніктер қатаң бақылап тұр. Сайлау учаскелерінің алды – ұзан-сонар кезек. Азаттықтың Алматыдағы тілшісі кезекте тұрған адам санын шамалап есептеп көрді – барлығы 2000 адам.

Астанада сайлау учаскесі маңында ұзын-сонар кезек. Дауыс беру үшін жұрт сағаттап күтуге мәжбүр. Азаттық тілшісі сөйлескен ресейліктердің көбі “сайлау Ресейдегі жағдайды өзгертпейді” деп санаса да дауыс беруге келгенін айтты. Олар “дауыстары ұрланбас үшін” және “азаматтық ұстанымдарын көрсету үшін” келгенін жеткізді.

Астанада дауыс беріп жатқан ресейліктер. 17 наурыз 2024 жыл.
Астанада дауыс беріп жатқан ресейліктер. 17 наурыз 2024 жыл.

Тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар сайлауды еркін емес әрі бәсеке жоқ деп бағалаған. Сайлауға бірде-бір оппозиция кандидаты жіберілген жоқ.

Ескерту

Ресей билігі Азат Еуропа/Азаттық радиосын "жағымсыз ұйымдар" қатарына қосқандықтан, Ресейде тұратын азаматтар Азаттыққа сұхбат берген жағдайда сол елде жауапқа тартылуы мүмкін. Сондықтан Азаттық сұхбат берушілердің аты-жөнін жарияламайды және олардың бет-жүзін ашық көрсетпейді. Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Стивен Капус Ресей билігінің бұл шешімін журналистиканы тұншықтыру деп санайды.

XS
SM
MD
LG