Accessibility links

Сәденов бұрынғы министрге "іс қозғалғаны" жөнінде ақпаратқа түсініктеме берді


Ішкі істер министрлігі.
Ішкі істер министрлігі.

20 наурызда Астанадағы брифинг кезінде журналистер ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен "бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қылмыстық іс қозғалған ба, жоқ па" сұрады.

Министр істі "ішкі істер министрлігі жүргізіп жатпағанын, тергеумен өзге органдар айналысып жатқанын" айтты.

"Ішкі істер министрлігі [қылмыстық істі] тергеп жатқан жоқ. Сондықтан қандай іс, қандай бап бойынша екенін айта алмаймын. Бұл тұста құзырлы органдар іс қозғаған және тергеп жатыр, сондықтан сұрақтарды соларға [қойыңыз]" деді Ержан Сәденов.

Сәрсенбі күні түсте бас прокуратура бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаев "Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген, сонымен бірге азаматтарды азаптаған күштік орган қызметкерлеріне қатысты" іс аясында тергелгенін хабарлады.

19 наурызда бірқатар қазақстандық ақпарат құралдары бұрынғы ішкі істер министріне Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Оның істегі мәртебесі( күдікті немесе куәгер) де белгісіз.

Былтыр қыркүйектен бас прокуратура бұрынғы министр Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істе күдікті емес екенін айтқан.

Ерлан Тұрғымбаев Қанды қаңдар оқиғасынан кейін ішкі істер министрі қызметінен босатылып, артынша президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді. 2022 жылы тамызда президенттің кеңесшісі қызметінен де босатылған.

2023 жылы Тұрғымбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризммен күрес жөніндегі аймақтық құрылымының кеңесшісі болды. 2023 жылы 23 қазанда аталған құрылымның ескерткіш таңбасы және алғыс хатымен марапатталған.

Тұрғымбаев 2019 жылы ішкі істер министрі болғанға дейін шамамен жеті жыл ішкі істер вице-министрі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG