Accessibility links

БҰҰ: Ресей әскері кейінгі үш айда украиналық 32 тұтқынды өлтірген болуы мүмкін


Тұтқыннан босаған украин жауынгері.
Тұтқыннан босаған украин жауынгері.

2023 жылғы 1 желтоқсан мен 2024 жылғы 29 ақпан аралығында Ресей әскери қызметкерлері кемінде украиналық 32 тұтқынды қаруын тастаған кезде не жауап алу барысында өлтірген болуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының ресми сайтында жарияланған баяндамада айтылған.

Бақылау миссиясы тұтқындар өлтірілген 12 оқиға жөнінде хабарлама алған. БҰҰ сарапшылары кемінде үш жайтты тәуелсіз растаған, ол деректерде Украина қарулы күштерінің жеті қызметкері қаза болғаны айтылады.

Баяндамада Ресей күштерінің украин тұтқындарын азаптағаны, соның ішінде ұрып-соғып, электр тоғын қолданғаны және жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны егжей-тегжейлі айтылған.

Миссия қызметкерлері Ресей тұтқынынан жақында босатылған украиналық 60 жауынгерден жауап алған. Олардың арасында бірнеше аптадан екі жылға дейін тұтқында болғандар бар.

Баяндамада БҰҰ сарапшыларының Украинадағы ресейлік 44 тұтқынға сауалнама жүргізіп, олардан азаптау мен қатыгездік туралы "сенуге лайық хабар" алғаны жазылған. Ресейлік тұтқындар тұрақты ұстау орындарындағы азаптау туралы айтпаса да, олардың көпшілігі тасымалдау кезінде немесе тұтқынға алынған соң бірден азапталғанын мәлімдеген.

Украинада Ресей әскери күштерінің тұтқындарды азаптау және тағы басқа қылмыстары бойынша 50 мыңнан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі мұндай айыптауларды жоққа шығарады немесе түсініктеме бермейді.

Халықаралық заңдарға сай, тұтқындарды өлтіру әскери қылмыс болып саналады және екі елдің заңында да ондай әрекетке тыйым салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG