Accessibility links

Петропавлда тасқынға байланысты тұрғындар эвакуацияланды, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды


Көшелерін су басқан елдімекен. Сәуір 2024 жыл. Көрнекі сурет.
Көшелерін су басқан елдімекен. Сәуір 2024 жыл. Көрнекі сурет.

Қазақстанның солтүстігіндегі Петропавл қаласының Хромзавод және Подгора аудандарында су тасқынына байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр. 13 сәуірде таңғы сағат 7 шамасында қалада дабыл іске қосылды деп жазды "Петропавловск.news" сайты.

Көрші Бескөлден де халық қауіпсіз жерге көшірілген.

Бір тәулік ішінде Есіл өзені 138 см-ден 1 176 см-не дейін көтерілген. 960 см қауіпті меже саналады. Сергеевск су қоймасында су деңгейі 1 145 см-ге жеткен. Мұнда ең жоғарғы меже 800 см саналады.

Бір күн бұрын су тасқыны электр желілерін үзіп, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалғаны хабарланған. 13 сәуірде қала әкімдігі қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

"ПавлодарЭнерго" АҚ Солтүстік Қазақстанға электр желілерін жөндеуге үш бригадасын жіберген.

Электр желілерінің бұзылуына байланысты қала сусыз қалған. Бұған дейін қала дүкендерінде жұрттың суды талап алып жатқаны, көшеде автоцистерналар алдында ұзын-сонар кезек пайда болғаны жөнінде видеолар тараған.

Жергілікті тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі жақын арада қалаға бөтелке су жеткізілетінін хабарлады.

Кейінгі ақпаратқа қарағанда, Заречный елдімекеніне су кірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG