Accessibility links

Орал мен БҚО-ның төрт ауданында мектеп пен колледж оқушылары онлайн оқуға көшеді


Шаған өзенінің асып-тасуы. Орал қаласы, 1 сәуір 2024 жыл.
Шаған өзенінің асып-тасуы. Орал қаласы, 1 сәуір 2024 жыл.

Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған Батыс Қазақстан облысының төрт ауданында және Орал қаласында қашықтан оқу енгізіледі.

Қалалық білім басқармасының хабарламасында "балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында" онлайн оқу енгізілетіні жазылған.

15 сәуірден бастап Орал қаласы, облыстағы Ақжайық, Бөрілі, Теректі және Бәйтерек аудандарында мектеп, колледж және қосымша білім беру мекемелері онлайн оқуға көшеді.

Оқушыларға Вilimland.kz және Daryn.online платформаларын пайдалану ұсынылған.

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай 2 сәуірде жарияланған. Ол кезде Шаған, Деріқұл, Жайық өзені алқабында орналасқан елдімекендерді су басқан. Мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, көбі мүліктерінен де айырылған.

Қазір аймақ су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатыр – 17-20 сәуірде Орынбор жақтан Жайық өзенінен көп су келеді деген болжам айтылады.

XS
SM
MD
LG