Accessibility links

БҰҰ-дағы палестиналық елші Рафахта әуе дабылы соғылғанын мәлімдеді


Соққыдан кейінгі Рафах. Наурыз, 2024 жыл.
Соққыдан кейінгі Рафах. Наурыз, 2024 жыл.

Израиль Рафахқа әуеден соққыны үдетті, оның алдында қаладан бейбіт халық эвакуацияланып, "жаппай операция" басталатыны жөнінде хабар тараған. Бұған дейін одақтастары Израильге шабуылдан көп адам қаза болуы мүмкін екенін ескерткен.

Газаның оңтүстігіндегі палестиналық анклав Рафахтағы дәрігерлер 25 сәуірде таңертең Израильдің әуе рейдінен кейін қалада кемінде үш үй қирап, алты адам қаза болғанын хабарлаған. Қаза болғандар арасында бір жергілікті журналист те бар.

"Рафахтағы операциядан қауіптеніп отырмыз, жоғары деңгейдегі дабыл жарияланды" деді Reuters агенттігіне БҰҰ-дағы палестиналық елші Ибрагим Крейши.

Оның сөзінше, кейбір тұрғындар отбасыларының қауіпсіздігіне алаңдап, қаладан кетіп жатыр.

"Бірақ олар қайда кетуі мүмкін? Солтүстікке жылжуға рұқсат жоқ, қалған аумақта қозғалысқа шектеу қойылған" деді палестиналық дипломат.

Газа секторының ұзындығы шамамен 40 шақырым, ені 5-12 шақырым аралығында. Reuters-тің жазуынша, бұл әлемде халық ең тығыз қоныстанған аудандардың бірі.

Соғыстың жетінші айында Израиль күштері анклавтың солтүстік және орталық бөлігін, сонымен бірге оңтүстіктегі Хан-Юнис қаласын бомбалаған. Израиль күштері мұны ХАМАС (ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым танылған) тобын жою жолындағы операция деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG