Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі 29 сәуірде ел бойынша 38 521 адам үйіне оралды деп хабарлады. 6726 адам әзірше эвакуация орталығын паналап отыр.
23 сәуірде үкімет су басқан өңірлерде 120 мыңға жуық адам, оның ішінде 44 мың бала көшірілді деп хабарлаған еді.
ТЖМ ақпаратынша, Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейін бақылау жалғасып жатыр. Атырау қаласы, Индер, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан асатын бөгет салынды. Жылыой ауданындағы су басқан Құлсары қаласында 207 мың текше метрден астам су сорылды.
"Тасқын басталғалы 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорылып, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді" деді ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ құтқару және тасқынға қарсы жұмыстарға 20 мыңнан аса адам және екі мыңнан астам техника жұмылдырылғанын айтады.
"Бұған дейін Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі қайтып жатыр" деп хабарлады ТЖМ.
ПІКІРЛЕР