Accessibility links

Тоқаев Армения мен Әзербайжанның Алматыдағы келіссөзін құптады


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) мен Әзербайжан басшысы Илхам Әлиев (сол жақта) Бакуде кездескен сәт. 2023 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) мен Әзербайжан басшысы Илхам Әлиев (сол жақта) Бакуде кездескен сәт. 2023 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның Алматыда бейбіт келіссөз жүргізу ниетін құптады.

"Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді" деді Қазақстан президенті.

Осы аптада Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Алматыда екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізетінін мәлімдеген. Ал Қазақстан президенті кейінгі аптада екі елге барып, Әзербайжан мен Арменияны бейбіт келіссөзге шақырған.

Әзербайжан мен Армения 1980 жылдың соңынан бері қақтығысып келді. Екі ел арасындағы қақтығыс 1994 жылы аяқталғанымен, шекара мен Таулы Қарабақ мәселесі шешілмей қалған. Әзербайжан аумағындағы Таулы Қарабақта көбіне армяндар тұрған, соғыс кезінде бұл аймақ Бакуден тәуелсіздігін жариялап алған.

Бұл аймақ үшін екі ел арасында 1994 жылдан кейін де бірнеше рет қақтығыс болды. 2020 жылы күздегі әскери қақтығыстан соң Әзербайжан Таулы Қарабақтың бір бөлігін қайтарып алған. Ал 2023 жылы толық бағындырды. Қарабақта тұратын 100 мыңнан аса армян Арменияға көшкен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG