Accessibility links

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды


Ерлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды. Бұл жөнінде бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

"2024 жылғы 30 сәуірде Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаеты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады" деп жазылған бас прокуратура хабарламасында.

2022 жылғы қанды Қаңтар оқиғасынан кейін ішкі істер министрі қызметінен босатылған Ерлан Тұрғымбаев "билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталған. Бұрынғы ішкі істер министрі Қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатыр.

Наурызда Тұрғымбаев Қаңтар кезінде күштік құрылым өкілдерінің тәртіпті қадағаламауы және ұсталғандарды азаптауы бойынша қылмыстық іс аясында тергелген.

Былтыр күзде бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың да "қызметтік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша күдікке ілініп, ұсталғаны белгілі болған. Ол да қамауға алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG