Accessibility links

Қазақстандық журналистер қамаудағы тілші Данияр Әділбековті босатуды сұрады


Қазақстан журналистері президент пен құқық қорғау органдарына қайырылып, қамаудағы журналист Данияр Әділбековті босатуды талап етті. Олар тергеу мен сотты ашық және әділ өткізуді сұрады.

"Бір айдан бері әріптесіміз – журналист Данияр Әділбековты "Көрiнеу жалған сөз тасу" бабы бойынша изоляторда ұстап отыр. Біз мұны негізсіз деп санаймыз. Интернеттегі жазбаны қашаннан бері көрiнеу жалған сөз жеткiзу деп санай бастадық? Немесе бұл Даниярды отбасынан аулақ ұстап, мен еркіндігін шектеу үшін жасалып отыр ма? Қазақстандағы оқиғалар туралы шындықты айтуға тырысқан журналистердің қудаланып жатқанын көріп отырмыз. Проблемаларға пара алғандар емес, ол туралы айтатын журналистер кінәлі болып жатыр. Мұндай жағдай барған сайын көбейіп келеді. Мемлекет сөйлесудің орнына құқық қорғау органдарының қысымын қолданады" делінген журналистердің үндеуінде.

Журналист Данияр Әділбеков энергетика вице-министрі туралы "көрiнеу жалған сөз жеткізді" және Гүлжан Ерғалиева мен әйелін өлтірді деп істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарының сұхбат жөнінде "жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген. Әділбеков наурыздың соңынан бері қамауда отыр. Журналист өзінің "Дикая орда" телеграм-каналындағы жазбасы бойынша айыпталған.

22 сәуірде Әділбековтің адвокаты Әділжан Мауытқанов брифингте қылмыстық іс үш мұнай компаниясының өкілдерінің мүддесін қорғап жүрген шенеуніктер жайлы жазбалардан соң да қозғалып жатыр деген.

Адвокаттың сөзінше, Әділбектовтің үстінен қылмыстық іс "Көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату" бабымен қозғалған. Кейін айыпты ауырлатып, "Адамды жемқорлыққа, ауыр қылмысқа айыптай жалған сөз тасу" бабына ауыстырды.

Сәуірде желіде Әділбековтің хаты тарап, ол отбасына қысым жасалып жатқанын айтқан. Кейін айып қайтадан "Көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату" бабына ауыстырылды.

"Қазір Әділбековті қамаудан шығу үшін өтініш берілді" деді адвокаты брифингте.

"Әділ сөз" баспасөзді қорғау ұйымы жалған ақпарат таратуға қарсы екенін, бірақ мұндай айып тағылған кезде тергеп-тексеру объективті түрде, нақты дәлелдермен жүруі керек деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG