Accessibility links

Bloomberg: АҚШ және Украина Ресейдің Starlink-ті қолдануына тосқауыл қояды


Starlink терминалы
Starlink терминалы

АҚШ, Украина және SpaceX компаниясы бірігіп, Ресейдің Starlink интернетін пайдалануына тосқауыл қояды. Бұл жөнінде АҚШ қорғаныс министрінің ғарыш саясаты жөніндегі көмекшісі Джон Пламбға сүйенген Bloomberg жазды. Оның сөзінше, бұл тұста "АҚШ Starlink басшыларымен де, Украинамен де мәселенің шешімін тапқан". Дегенмен Пламб мәселе қандай шешім жөнінде болып отырғанын ашып айтпаған.

2019 жылдан бері орбитаға алғашқы Starlink спутниктері орналастырылды, бірнеше мың спутник-ретранслятор пайда болды. Starlink терминалдары АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Австралия және Латын Америкасы мен Африканың бірнеше елінде істеп тұр.

Ресейде Starlink лицензиясын пайдалану мүмкін емес, алайда оның терминалдарын сатып алу мүмкіндігі бар. Әдетте бұл маркетплейстер арқылы жасалады. Бұл жөнінде РБК жазды. Мұндай терминалдар Еуропа тұрғындарының атына тіркелген жазылымдар арқылы жұмыс істейді.

2024 жылдың басында бірнеше ақпарат құралы Ресей әскерінің Starlink терминалдарын пайдаланғанын жазды. 2023 жылы Ресей әскерінде ондаған терминал болған. Мұндай ақпарат SpaceX жетекшісі америкалық кәсіпкер Илон Маскты "Starlink-тің бірде-бір терминалы Ресейге тіке немесе жанама түрде сатылған жоқ" деп мәлімдеме жасауға мәжбүрледі.

XS
SM
MD
LG