Accessibility links

Бишімбаевтың соты: Салтанат Нүкенованың әкесі қандай үкім күтетінін айтты


Айыпталушылар Қуандық Бишімбаев (ар жақта сол жақта) және Бақытжан Байжанов
Айыпталушылар Қуандық Бишімбаев (ар жақта сол жақта) және Бақытжан Байжанов

13 мамырда журналистердің сұрақтарына жауап берген Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов соттан әділ үкім күтетінін жеткізді.

"Әділ сот болады деп үміттенеміз" деді Амангелді Нүкенов. Ол Бишімбаевқа өмірлік жаза тағайындамаса, шешім әділ болды деп есептемейтінін айтты.

"Сот отырысы өткен сайын жұбайым екеуіміз қаншама хайуандық әрекеттер туралы біліп жатырмыз" деді Амангелді Нүкенов.

"Осы уақыт бойы ауруханада жаттық. Сотқа қатыса алмадық. Соған қарамастан естіп жатқанымыздың өзі бізге жетіп жатыр. Бүгін әділ үкім болады деп үміттенеміз" деді Нүкенов соттан кейін журналистерге.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты бітуге аз қалды. Сот алқасы мүшелері мен судья ақылдасу бөлмесіне кетті.

"Ерекше қатігездікпен әйелін өлтірді" деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа 20 жыл түрме немесе өмірлік түрме жазасы төніп тұр. Қорғау жағы ол қасақана адам өлтірмеді деп отыр.

2023 жылы 9 қарашада Астанадағы BAU мейрамханасына жедел жәрдем шақырылған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 31 жастағы Салтанат Нүкенованың өлгенін анықтаған. Марқұмның беті мен денесінің көп жері қанталап кеткен. Полиция онымен бірге азаматтық некеде тұрған Қуандық Бишімбаевты ұстады.

Оның туысы Бақытжан Байжанов та айыпталушы ретінде танылған. Оған қылмысты жасырды деген айып тағылған. Қорғау жағы айыппен келіспейді.

XS
SM
MD
LG