Accessibility links

АҚШ пен Украина қауіпсіздік бойынша 10 жылға келісім жасаспақ


Энтони Блинкен. Киев, 14 мамыр, 2024 жыл.
Энтони Блинкен. Киев, 14 мамыр, 2024 жыл.

АҚШ қауіпсіздік саласы бойынша Украинамен 10 жылға келісім жасаспақ. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 14 мамырда Киевтің политехника институтында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Мемлекеттік департамент басшысының айтуынша, келісім бойынша АҚШ Украинаның қорғанысы мен қауіпсіздігін бірқатар салада – "авиациядан әуе шабуылына қарсы қорғанысқа шейін, дрондардан минадан тазалауға дейін" қолдамақ.

Бұл келісім Киевтің басқа дос-мемлекеттермен жасасқан немесе жасасқысы келетін мәмілеге ұқсас. Бірақ Вашингтон мұнда Киевке әскерін жібермейді. Егер Украинаға шабуыл жасалса, АҚШ Киевпен оған ең жоғары деңгейде тойтарыс беруге әрекет етеді.

Блинкен екі ел арасындағы қауіпсіздік келісімі Украинаның әскери-өнеркәсіп кешенін тезірек дамытуға көмектеседі және болашақта Киевке оқ-дәрілер мен артиллерия шығаруға мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG