Accessibility links

Норвегия, Испания және Ирландия Палестина тәуелсіздігін мойындамақ


Норвегия, Испания және Ирландия алдағы уақытта Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындайтынын мәлімдеді. Шешім 28 мамырда күшіне енеді.

Бұған жауап ретінде Израиль Норвегия мен Ирландиядағы елшілерін қайтаратынын мәлімдеді. Испания елшісі туралы әзірге хабар жоқ.

"Енді әрқайсысы бұл шешімді жүзеге асыруға қажет қадамдарды жасайды" деді Ирландияның премьер-министрі Саймон Харрис.

Оның сөзінше, шешім Палестина аумағында тәуелсіз араб мемлекетіy құру жоспарын жүзеге асыру арқылы Палестина-Израиль қақтығысын шешуге ықпал етеді. Палестина мемлекетінің астанасы қай қала танылатыны және өзге де мәселелер әзірге белгісіз.

Дублиннің хабарламасына түсініктеме берген Израиль сыртқы істер министрлігі Ирландия билігін ХАМАС-тың (АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым танылған) "құралына" айналмауға үндеді. Дипломатиялық ведомство "тәуелсіз Палестина мемлекетін мойындау Таяу Шығыстағы бейбітшіліктің болашағына қатер төндіреді" деді.

Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде БҰҰ-ға мүше 193 елдің 138-і мойындаған. Арасында Қытай мен Ресей де бар. Ал Израиль, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия Палестина тәуелсіздігін мойындамаған.

Израиль бірнеше айдан бері қазіргі Палестина автономиясының аумағына кіретін Газа секторында әскери операция жүргізіп жатыр. Ол 7 қазанда ХАМАС тобы Израильге шабуылдағаннан кейін басталған. Жихадшылардың шабуылынан 1200-ден астам адам қаза болған, шамамен 250 адам – израильдік және шетел азаматтары кепілге алынды. Жүзден астамының тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.

  • Палестинаның тәуелсіздігі мәселесі Израильмен қатар Палестина араб мемлекетін құруды қарастыратын «екі халық үшін екі мемлекет» тұжырымдамасымен байланысты. Бұл тұжырымдама 1967 жылғы алты күндік соғыстан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 242 қарары түрінде бекітілген. Дегенмен бұл мәселеде Израильде де, Палестина саяси күштері арасында да ешқашан ортақ пікір болған емес: Израиль саясаткерлері тәуелсіз Палестина мемлекеті Израильге тұрақты шабуылдар жасайтын база болады деп қорқады, ал көптеген палестиналық радикалдар еврей мемлекетінің өмір сүруге құқығы жоқ деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG