Украина бас прокурорының кеңсесі 2022 жылдың ақпанынан бері соғыстың салдарынан елде 547 бала өлім құшты деп мәлімдеді. Әскери қимыл кезінде 1348 украин баласы жарақаттанған.
23 мамырда Украина билігі 4 жасар қыздың көз жұмғанын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, ол Ресей әскері 29 мамырда Одессаны атқылаған кезде ауыр жарақаттанған.
Украина бойынша балалар көп зардап шеккен аймақтарға Донецк, Херсон, Днепротепровск, Киев, Запорожье және Николаев облыстары жатады.
13 мамырда БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры Ресей Украинаға басып кіргелі бері елде кемінде 1993 бала өлім құшқан немесе жарақаттанғанын айтты. Қор өкілдерінің мәліметінше, бұл ресми түрде құжаттармен расталған дерек. Алайда шынайы көрсеткіш бұдан көп болуы ықтимал.
ПІКІРЛЕР