25 мамырда Израиль Газа секторды бомбалауын жалғастырды. Оның алдында бір күн бұрын халықаралық Гаага соты Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуылын дереу тоқтатуы керек деген қаулы шығарған еді. Сот ондағы бейбіт халықты қорғайтын шаралар жеткіліксіз екенін айтқан.
Израильдің жоспарына халықаралық соттың (ICJ) бұйрығы әсер етпеген тәрізді деп жазды халықаралық ақпарат агенттіктері.
"Израиль Рафах ауданында бейбіт халықты жоюға немесе жартылай жоюға бағытталған әскери операцияны бұған дейін жүргізбеген және жүргізбейді де" деді Израильдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Цахи Ханегбиөз мәлімдемесінде.
25 мамырда Парижде АҚШ пен Израильдің ресми тұлғаларының арасындағы кездесуден кейін Израиль шенеуніктерінің бірі "Тель-Авив алдағы күндері Газада тұтқындарды босату бойынша келіссөздерге оралу амалдарын іздестіріп жатыр" деді.
"Келіссөзді осы аптада қайта бастау ниетіміз бар" деді аты-жөнін айтпаған Израильдің ресми тұлғаларының бірі AFP агенттігіне.
ПІКІРЛЕР