Accessibility links

Ақтөбеде оқ тиген бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланды


Жедел жәрдем қызметінің мамандары. Көрнекі сурет.
Жедел жәрдем қызметінің мамандары. Көрнекі сурет.

28 мамырға қараған түні Ақтөбе қаласында атыс болып, 18 жастағы жігіт мерт болды. Сегіз адам жараланып, Ақтөбедегі көпбейінді облыстық ауруханаға түскен.

Оқ тиіп, пышақ жарақатын алғандардың бәрі – 18 бен 22 жас аралығындағы адамдар.

Дәрігер-травматолог Жасұлан Ұрымбаевтың айтуынша, 18 жастағы жігіт ауруханаға сағат түнгі екіде түскен кезде клиникалық өлім жағдайында болған. "Оқ тиіп, пышақ жарақатын алған пациенттің өмірін сақтап қалуға реанимациялық іс-шара істелінді. Бірақ одан нәтиже болмады", – деді дәрігер.

Ұрымбаевтың сөзінше, жараланғандардың бәрінің аяғына оқ тиген. Қазір олар жатқан палатаны полиция күзетіп тұр.

Ақтөбе полициясы осы іске байланысты күдікті төрт адамды ұстағанын хабарлады. 18-22 жас аралығындағы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG