Accessibility links

Песковтың қызы Қазақстаннан ЖСН алған


Елизавета Пескова
Елизавета Пескова

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызымен жасы да, есімі де толық сәйкесетін адам Қазақстанда тіркеліп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған. Мұны "Система" зерттеу жобасы Батыс санкциясына ілінген Елизавета Пескованың жеке деректерін қазақстандық бірнеше дерек базадан тауып, анықтаған.

Журналистер "Пескова қазақстандық тіркеу нөмірін 2022 жылдың қыркүйегіне дейін алған" деген тұжырым жасаған. Себебі ашық дереккөзде Пескованың сәйкестендіру нөмірі Нұр-Сұлтан қаласының кірістер басқармасына тіркелген деп жазылған. Бұл - қалаға Астана атауы қайтарылғанға дейінгі кезең.

Кремль Украинаға соғыс ашқан соң ресейліктер Қазақстаннан құжат алып, Visa және Mastercard қызметін қолдану үшін жаппай жергілікті банктерден шот ашқан. Пескова бұл қызметті қолданған-қолданбағаны белгісіз.

Еуроодақ пен АҚШ соғыс басталған сәтте, 2022 жылы, Елизавета Песковаға санкция салған. 26 жастағы Пескова санкцияны әділетсіз шешім деп санайды. Пескова 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргенде инстаграм-парақшасына "Нет войне" ("Соғысқа жол жоқ") деген хэштегпен пост жариялап, кейін алып тастаған.

Пескова түрлі жобалармен айналысады. Мәскеудегі табысты "Центрум" жарнама агенттігінде 30 пайыз үлесі бар. Ал оның әкесі Дмитрий Песков - Путиннің жақын серіктерінің бірі. Ол 2000 жылдардан бері Кремльдің баспасөз қызметіне жетекшіліп етіп келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG