Accessibility links

Бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға 50 мың адам қол қойды. Министрлік петицияны қарамақ


Астанадағы кешқұрым сәт.
Астанадағы кешқұрым сәт.

Қазақстандықтардың "Уақытта кері қайтару" талабымен жариялаған петициясы E-petition.kz сайтында тиісті 50 мың қолды жинады. Осыдан соң сауда және интеграция министрлігі петицияны қарастыруға қабылдап алғанын, бұл процеске 40 күн кететінін мәлімдеді.

"Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптарды, мемлекеттік мекемелерді және қоғамдық ұйымдардан жұмыс тобын құрады. Петицияны қарау заң талаптарына сай өтеді" деді министрлік.

Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен. 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекітті. Үкімет бұл шешім "өңірлер арасындағы уақыт кедергісі жойылып, көлік коммуникациясы жақсаруыны, бизнес пен мемлекеттік органдар өзара шұғыл іс-қимыл жасасуына оң әсер етеді" деп түсіндірген.

Осылайша 1 наурызда Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытты.

Үкіметтің былтыр желтоқсанда талқылауға шығарған жобасында сағаттың табиғи уақыт белдеуімен сәйкес келмеуі “бірқатар аурудың өршуіне апарып соғатыны” жазылған. Сондықтан уақытты артқа шегеру көптеген облыс халқына оң әсер ететіні айтылған.

Бірақ биыл мамырда бұл шешімге наразылар уақытты кері қайтару туралы петиция жариялады. Олар "жұмыс пен демалыс уақытының сәйкеспеуінен жұмыс өнімділігі төмендеп, ұйқы дұрыс қанбайды" деп жазды.

Бірақ жоғарыда аталған облыстардың көбі табиғи белдеуіне жақындағанымен, Шығыс Қазақстан облысы алшақтай түседі. Облыс орталығы Өскеменнің тұрғындары бұл қолайсыз екенін айтқан.

Уақытты есептеу жүйесіне сәйкес, Қазақстан төрт белдеуде жатыр. Қабылданған UTC+5 белдеуі елдің батысындағы облыстарға да сәйкес келмейді.

«Түнгі 2-де таң атады». Қазақстанның ең шығысындағы ауылға жаңа уақыт жайсыз тиді
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG