Accessibility links

Саясаттанушы Әлжанов өзіне белгісіз екі адам шабуылдамақ болғанын айтты


Димаш Әлжанов.
Димаш Әлжанов.

Саясаттанушы Димаш Әлжанов Алматыдағы үйінің подъезінде белгісіз біреулер шабуыл жасамақ болғанын айтты.

Саясаттанушының сөзінше, белгісіз екі адам көлікпен келіп, ауланың шыға берісіне тұрып алған. Одан соң белгісіз екеу оған шабуылдамақ болып, "Димаш, бұл сенбісің?" деген.

Әлжанов оқиға 2 шілдеге қараған түні түнгі 00:30 шамасында болғанын айтады. Полиция саясаттанушы жазған арызды қабылдап алған.

2 шілде таңертең Әлжанов бақылау камерасына түсіп қалған видеоларды жариялады. Кадрда екі адам аулаға кіріп, кейін қашып бара жатқаны көрінеді. Саясаттанушы екі адам шабуыл жасамақ болып, кейін қашып бара жатқанын айтады.

Алматы полициясы жағдайға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

Димаш Әлжанов – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, Астана мен Мәскеудің қарым-қатынасы, елдегі саяси ахуал мен белсенділерді қудалау, шулы соттар жайлы ашық пікір білдіріп жүрген саясаттанушы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG