Accessibility links

Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі бойынша 12 адам сотқа тартылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

22 шілдеде Көкшетау қалалық сотында Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі бойынша процесс басталды. Тұтқындарды азаптағаны көрінетін видеолар былтыр қыркүйекте желіде тараған.

Соттың баспасөз қызметі істе 41 жәбірленуші бар деп хабарлады. Сотқа тартылған 12 адамға "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" (Қылмыстық кодекстің 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы) бабы бойынша айып таққан.

Сот ашық өтеді деп жарияланған, істі алқабилер қарап жатыр. Соттың баспасөз қызметі қандай мәселелер қаралып жатқанын нақты айтпады, тек "процесс жүріп жатыр" деді.

Істегі жәбірленушілердің бірі – 39 жастағы астаналық белсенді Тимур Дәнебаев. Бұл туралы Qaharman құқық қорғау бастамасы хабарлады.

Былтыр қыркүйектің басында әлеуметтік желіде Ақмола облысы Атбасар қаласындағы түзеу колониясында түрме қызметкерлері жазасын өтеп жатқан бірнеше адамды резеңке таяқпен ұрып-соққаны көрсетілген видео тарады. Азапталғандар арасында Дәнебаев та болған.

Qaharman мәліметінше, Тимур Дәнебаев бұл видео 20-ға жуық азаптаудың бір ғана бөлігі деп мәлімдеген.

Видеолар желіде тараған соң Қылмыстық атқару жүйесі комитеті іске қатысы бар 11 қызметкерді жұмыстан босату туралы ұсыныс жасалғанын хабарлады. Түрме қызметкерлері азаптау болмады, өздерін заңсыз жұмыстан шығарды деп мәлімдеген. Прокуратура бұған байланысты пікір білдірмеді.

Белсенді Дәнебаев түрмеде азапталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:58 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG