Accessibility links

 
Семейде АЭС бойынша жария талқы кезінде ұсталған белсенді 15 күнге қамалды

Семейде АЭС бойынша жария талқы кезінде ұсталған белсенді 15 күнге қамалды


Полиция қызметкерлері Елдос Досановты АЭС құрылысына қатысты жария талқы өтіп жатқан залдан әкетуге тырысып жатыр. Семей, 8 тамыз 2024 жыл.
Полиция қызметкерлері Елдос Досановты АЭС құрылысына қатысты жария талқы өтіп жатқан залдан әкетуге тырысып жатыр. Семей, 8 тамыз 2024 жыл.

Семейде АЭС мәселесіне арналған жария талқы кезінде ұсталған белсенді Елдос Досанов 15 күнге қамалды. Бұл жөнінде "Белсенділер экстремист емес" мониторинг тобы хабарлады.

Белсенді "полиция талабына бағынбады" (667-бап) деп айыпталған.

Досановты кеше, 8 тамызда полиция АЭС мәселесіне арналған Семейдегі жария талқы кезінде ұстап әкеткен еді. Белсенді оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратқан.

Елдос Досанов – қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін айтып жүрген белсенді. Былтыр ол "Оян, қазақ" фильмінен кейін оппозиция белсендісі туралы айтқаннан соң әкімшілік жазаға тартылған еді

XS
SM
MD
LG