Ресей Украина аумағындағы әскерінің бір бөлігін Курск облысындағы шабуылдарға тойтарыс беру үшін Украина аумағынан шығарады деп жазды Американың ресми тұлғаларына сүйенген Wall Street Journal басылымы.
Дереккөздердің сөзінше, украин әскерінің Ресей аумағындағы әскери операциясы Украинаға басқыншылығын жалғастырып жатқан Мәскеуді әскерінің біраз бөлігін Украинадан шығаруға мәжбүрлеуі мүмкін, бұл соның алғашқы белгісі.
Америка сарапшылары әзірге Ресей әскерінің қанша бөлігін шекаралас аймақтарға жібергенін анықтай алмаған және бұл Украинадағы соғысқа қалай әсер ететінін де сараптап үлгермеген.
Украинадағы қимыл Владимир Путинге "ірі дилемма" тудырды деді 13 тамызда журналистерге берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байден. Оның сөзінше, Ақ үй өкілдері украиндармен тұрақты байланыста және оқиға бойынша жиі ақпарат алып отыр.
Байден әкімшілігі Украинаның әскери қимылдарды Ресей аумағына ауыстыру талпынысы жөнінде алдын ала білмегенін айтқан